«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» ЖШС

335 көрініс
«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» ЖШС

«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады.

Басшылық:
Бас директор – Касенов Мархабат Мелисбекұлы, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор

Негізгі бағыттары мен міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының аумағында аса қауіпті, зооантропоноздық және эмердженттік инфекциялардың пайда болуын және таралуын болжау, эпизоотологиялық мониторинг жүргізу, тәуекелдерді бағалау және басқару.
  • Жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды диагностикалау, алдын алу құралдары мен әдістерін іздестіру және жетілдіру, ауырған малды емдеу және жануарлардың денсаулығын қорғау препараттарын өндіру технологияларын әзірлеу.
  • Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын бақылау әдістерін, бағалауды және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді әзірлеу.
  • Жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының алдын алу және жою бойынша эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүйесін әзірлеу және енгізу (Қазақстан Республикасында жануарлар ауруларымен күрес бойынша ұлттық бағдарламалар).
  • Қазақстан Республикасының аса қауіпті инфекциялардан бос аумақ мәртебесін алу мақсатында ветеринария бойынша нормативтік құжаттарды ғылыми негіздеу (Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету).

Ғылыми-өндірістік қызметтің бағыттары:

  • Жануарлар аурулары қоздырғыштарының генетикалық құрылымын зерттеу.
  • Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының генетикалық өзгергіштігін зерттеу.
  • Жануарлардың аурулары кезіндегі иммунобиологиялық көрсеткіштерді зерттеу.
  • Эпизоотияға қарсы іс-шаралардың ғылыми негізделген жүйелерін әзірлеу.
  • Диагностикалық және емдік-профилактикалық препараттарды әзірлеу.
  • Қазақстан Республикасының аумағында ветеринарлық қауіпсіздікті ғылыми қамтамасыз ету.
  • Экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерді әзірлеу.
  • Шаруашылық субъектілеріне ғылыми-әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
  • Жұқпалы аурулармен күрес стратегиясын әзірлеу.
  • Ғылыми әзірлемелерді енгізу.

Электрондық пошта: kaznivialmaty@mail.ru
Байланыс нөмірі: +7(727) 233-72-71
Мекенжайы: Алматы қ., Райымбек даңғылы, 223-үй
https://kaz-nivi.kz/

«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» ЖШС