«OtarBioPharm» ЖШС
«OtarBioPharm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ еншілес ұйымы болып табылады.
Басшылық
Бас директор — Ершебулов Закир Жапарұлы
Миссиясы
Отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту; иммунобиологиялық препараттарды өндіру саласында кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру; Компания қызметінің ҚР-ның патогендерден туындаған аурулардың алдын алуға және емдеуге арналған стратегиялық медициналық және ветеринариялық препараттардың импортына тәуелділігіне әсерін (төмендету жағына) тигізуі, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезеңде препараттардың құнын көтеруге байланысты тәуекелдерді болдырмау; елдің биологиялық қорғалу деңгейін арттыру.
Мақсаты
- GMP тиісті өндірістік тәжірибесінің халықаралық талаптарына сәйкес келетін иммунобиологиялық препараттар өндірісінің толық циклі (оның ішінде келісімшарттық өндіріс) және ассортиментін кеңейту (қажеттілігіне қарай);
- балк-өндіріс, сондай-ақ фармацевтикалық және медициналық тауарларды көтерме сату;
- — медициналық мекемелерді отандық өндірістің сапалы иммунобиологиялық препараттарымен қамтамасыз ету;
- ҚР денсаулық сақтау деңгейін арттыру;
ҚР импортқа тәуелділігін төмендету.
Эл.пошта: otarbiopharm@gmail.com
Байланыс номері: +7(726) 367-91-00
Мекенжай: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар ауылдық округі, Гвардейский кенті, №5 ғимарат.