«Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» ЖШС

92 көрініс

«Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (РКМ) «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ еншілес ұйымы болып табылады.

Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі № 850 қаулысы негізінде құрылды, өнеркәсіптік-құнды микроорганизмдердің депозитарийі болып табылады.

«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 910 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 470 бұйрығымен «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылды.

Республикалық микроорганизмдер коллекциясы Астана қаласында орналасқан, онда әртүрлі бағыттағы 5 ғылыми зертхана бар.

Басшылық:

Бас директордың м.а. – Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы, медицина ғылымдарының кандидаты.

Жарғылық қызмет:

1) өнеркәсіптік микроорганизмдер коллекциясы саласында ақпараттық деректер базасын қалыптастыру;

2) серіктестік қызметінің бейіні бойынша профилактикалық, диагностикалық биопрепараттар өндіру технологияларын әзірлеу және жетілдіру;

3) микробиология және биотехнология саласындағы журналдар мен мерзімді басылымдарды басып шығару;

4) тегін медициналық көмек көрсету кепілдік көлемінің шеңберінде фармацевтикалық және медициналық тауарларды көтерме саудада сату;

5) биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер;

6) инфекцияға қарсы препараттар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер;

7) жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы өзге де зерттеулер мен әзірлемелер;

8) денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызмет.

Эл.пошта: rcm-info@mail.ru

Байланыс номері: + 7 (7172) 20-10-32

Мекенжай: Астана қ, Байқоңыр ауданы, Ш. Уалиханов көшесі 13/1

https://rcm.kz/