Париж қаласында ауыл шаруашылығы бағытындағы халықаралық көрме өтуде

157 көрініс
Париж қаласында ауыл шаруашылығы бағытындағы халықаралық көрме өтуде

2024 жылдың 24 ақпан-3 наурыз аралығында Париж қаласында (Франция) ауыл шаруашылығы бағытындағы халықаралық көрме өтуде.

Шараны Францияның Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі мен CENECA ұйымы ұйымдастыруда.

Аталған көрмеге «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ және еншілес ұйымдарының қызметкерлері қатысып, еліміздің ауыл шаруашылығы саласында атқарған жетістіктерін халықаралық деңгейде көрсету мүмкіндегіне ие болып отыр.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова арнайы көрмеге әкелінген Холдинг өнімдерінің таныстырылымын жасайды.

Көрменің ресми ашылу салтанатына Франция елінің Президенті Эмманюэль Макрон қатысады.

Бұл шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 1000-ға жуық компания қатысады деп күтілуде.

Париж қаласында ауыл шаруашылығы бағытындағы халықаралық көрме өтуде