2023 жылғы 4 желтоқсанда Хельсинки қаласында (Финляндия) «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ мен «Orion Corporation» жетекші фин фармацевтикалық компаниясы арасында серіктестік және жеткізу туралы Келісімге қол қойылды.

95 көрініс

Қол қою рәсіміне Холдингтің Бас директоры Ерғали Абдураимов, Orion компаниясының вице-президенті Ахомаки Сату, ТМД өңірінің Orion директоры Виктор Пушкарев, Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жанна Сартбаева және «OtarBioPharm» ЖШС Бас директоры Закир Ершебұлов қатысты.

Келісім «OtarBioPharm» ЖШС зауытының өндірістік алаңында Orion компаниясының технологиясы трансфер жасалып, Levosimendan (левосимендан) химиялық қосылысын пайдаланып, медициналық бағытта фармацевтикалық өнімді өндіруді көздейді.

Аталған құжат тараптардың ұзақ мерзімді өзара тиімді әріптестігін нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның жаһандық фармакорпорациялармен ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жұмыстарын қолдауға бағытталған.