«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ француздық Boehringer Ingelheim Animal Health France компаниясымен вакциналар өндіру және технологиялар трансферті саласында ынтымақтастық ниеті туралы келісімге отырды

78 көрініс

2023 жылғы 1 қарашада Астана қаласында Франция президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға ресми сапары аясында «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ мен «Boehringer Ingelheim Animal Health» компаниясы арасында ынтымақтастық, лицензия және жеткізу туралы келісімге қол қойылды.
Келісімге қол қою, Boehringer Ingelheim технологияларын пайдалана отырып, «OtarBioPharm» ЖШС (Холдингтің еншілес ұйымы) зауытының өндірістік алаңында вакцина шығаруға серіктестік шарттары бойынша тараптардың негізгі уағдаластықтарын реттейді.
Серіктестік шарттарына сәйкес, Boehringer Ingelheim аусылға қарсы вакцина өндіруге арналған шикізатты ғана емес, сонымен қатар өндіріс процесіне техникалық және ғылыми қолдау көрсетеді.
Бұл серіктестік аусылға қарсы жоғары сапалы вакциналар өндірісінде өнеркәсіпті дамытуға мүмкіндік береді. Қазақстанда вакцинаның өндірісі мен таралуына көмектеседі.
Ынтымақтастық нәтижесі бойынша Қазақстан ХЭБ стандарттары бойынша аусылдың алдын-алу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ етті шетелдік нарыққа, оның ішінде ЕО елдеріне экспорттау мүмкіндіктері ашылады.