«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-мен АҚШ университеті арасында Меморандумға қол қойылды

98 көрініс
«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-мен АҚШ университеті арасында Меморандумға қол қойылды

2023 жылғы 21 тамызда «QazBioPharm» Ұлттық холдингі АҚ, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы және «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС басшылары Америка Құрама Штаттарына іссапармен барды.

Іссапар барысында Холдингтің бас директоры Абдураимов Ерғали Орынбасарұлы Ореган денсаулық және ғылым университетінің «Жасушалық және геномдық терапия» орталығының директоры Шухрат Миталиповпен ынтымақтастық туралы Мемарандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты — ғылыми зерттеулер, іргелі, қолданбалы және инновациялық сипаттағы зерттеулер жүргізудегі ынтымақтастық үшін тараптардың әлеуетін ескере отырып, жануарларды клондау, дің жасушаларының биотехнологиясы, гендерді өндеу, жасушалық және гендік терапия саласындағы Тараптардың өзара ынтымақтастығы болып табылады.

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-мен АҚШ университеті арасында Меморандумға қол қойылды