Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының құрылғанына 65 жыл

153 көрініс
Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының құрылғанына 65 жыл

2023 жылдың 6-8 қыркүйегі аралығында «QazBioPharm» Ұлттық холдингінің еншілес ұйымы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының құрылғанына 65 жыл толуына орай Алматы қаласында «Биотехнология және биологиялық қауіпсіздік: жетістіктер мен даму перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны өткізудің мақсаты – биологиялық қауіпсіздік және биотехнология саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және талдау, ғылыми және өндірістік қоғамды осы салалардағы жаңа ғылыми жетістіктер туралы ақпараттандыру болып табылады. Конференция жұмысына әлемнің 8 елінен (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, АҚШ, Франция, Сингапур) және 60 ғылыми мекемелер мен жоғары білім ошақтарынан 225 жуық ғалымдар мен мамандар қатысты.

Конференцияның ашылуында кіріспе сөзімен «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының» бас директорының м.а. Аслан Амагелдиевич Керімбаев сөз сөйледі. Конференция қатысушыларына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясының президенті биология ғылымдарының докторы, профессор Закарья Күнсұлу Далтонқызы, Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы-Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Алпысбайұлы Қасымхан, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Бауыржан Кемербайұлы Абызбаев құттықтау сөз сөйледі.
Институтқа құттықтаулар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы техника ғылымдарының докторы Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлынан, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Биотехнология институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі, РҒА шетелдік мүшесі Жунушов Асанқадыр Темірбекұлынан, Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институтының бас директоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Мархабат Мелисбекұлы Қасеновтен, «ВНИИЗЖ» ФМБУ жануарлар денсаулығын қорғау Федералды орталығының директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Рыбин Роман Николаевичтен, К.И. Скрябина атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетінің ректоры., ҚР ҰҒА академигі, РҒА академигі Рысбек Зарылдыкович Нұрғазиевтен, «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ директоры, химия ғылымдарының докторы Александр Иванович Ильиннен келіп түсті.
Конференция жұмысы 4 секцияда ұйымдастырылды: «инфекциялық патогендерді зерттеудің негізгі аспектілері», «профилактикалық, диагностикалық және инфекцияға қарсы препараттар», «биоқауіпсіздік және биоэтика», «Фитосанитариялық қауіпсіздік, өсімдіктерді селекциялау және қорғау». Конференция барысында отандық және шетелдік ғалымдар ғылымның өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Қатысушылар 50 ғылыми баяндама жасады.

Конференция аясында жас ғалымдар арасында үздік ғылыми жұмысқа байқау өтті. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды: Г. О. Шыныбекова «Қазақстан аумағында кене инфекциясы қоздырғыштарының таралуын зерттеу» тақырыбында ұсынған жұмысы үшін I дәрежелі дипломмен, «Ірі қара малдың нодулярлық дерматитін диагностикалауға арналған тест-жүйесін сынау» жұмысы үшін М. Р. Абаева және «2021-2023 жылдар аралығындағы кезеңде ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеиті бойынша Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс өңірінің эпизоотологиялық сипаттамасы» тақырыбымен В. В. Кирпиченко II дәрежелі дипломдармен марапатталды. «Ірі қара малдың туберкулезіне қарсы векторлық вакцинаның қауіпсіздігін, протективті тиімділігін және иммуногенділігін бағалау» жұмысы үшін Абай Ж.С., «Paeonia anomala және Calendula officinalis шөптерінің, тамырсабағының және тамырларының сығындыларымен тұрақтандырылған күміс және мырыш оксиді нанобөлшектерінің микробқа қарсы белсенділігі » жұмысы үшін Берилло Д. А. және «SARS-COV-2 коронавирус ақуызының рецептормен байланысатын S доменін білдіретін рекомбинантты каприпоксвирусты алу және бағалау» жұмысымен Аргимбаева Т. У. ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Конференция қорытындысы бойынша талқыланған мәселелердің ғылыми және практикалық маңыздылығы атап өтілді. Конференцияға қатысушылар ұйымдастырудың жоғары деңгейде өткенін және қонақжайлылық үшін алғыстарын білдірді, сондай-ақ одан әрі ғылыми-кәсіби ынтымақтастыққа деген ниеттерін білдірді.

Конференцияны «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ұйымдастырды. Ұйымдастыру барысында «БиоХимПрибор» ЖШС, «Джаггернаут» ЖШС, «ZALMA» ЖШС, «Vitas ғылыми-өндірістік фирмасы» ЖШС және «Elementum»ЖШС демеушілік көмек көрсетті.

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының құрылғанына 65 жыл