«Ғылымдағы қазақ тілінің қолданысы» атты Республикалық семинар
2026 жылғы 9 сәуір күні Елордада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен және «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының қолдауымен «Ғылымдағы қазақ тілінің қолданысы» атты республикалық семинары өтті.
Іс-шараның негізгі көрсеткіштері мен маңызды деректері:
- Семинарға еліміздің батыс, оңтүстік, орталық және шығыс өңірлерінен 80-нен астам делегат, 20-ға жуық жетекші ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындары жұмылдырылған. Олардың қатарында: Астана медицина университеті, С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Семей медицина университеті және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының өкілдері бар.
- Шара аясында мемлекеттік тілдің ғылымдағы рөлін арттыруға бағытталған 8 іргелі баяндама тыңдалды.
Семинардың басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылымды дамыту жөніндегі стратегиялық тапсырмаларына сәйкес, отандық медицина, биологиялық қауіпсіздік және ветеринария салаларындағы ғылыми бірізділікті жүйелеу және мемлекеттік тілдің ғылымдағы рөлін нығайту.
Жиын барысында ғалымдар медициналық терминдерді біріздендіру, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулердің мемлекеттік тілдегі сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталып, ғылыми еңбектерді жетілдіру бойынша нақты ұсынымдар қабылданды.
«QazBioPharm» ҰХ» АҚ баспасөз қызметі
Жетпісова Гүлнара Сағындыққызы
Тел.: 8 702 348 29 91