Жаңалықтар

Тарихи қадам: Жаңартылған Конституция күшіне енді


Бүгін, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап, Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы күшіне енді.

Бұл – еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы. Ата заңымызда бекітілген жаңа қағидаттар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ әділетті әрі жауапты қоғам құруға бағытталған.

Отандық ғылым мен биофармацевтика бағытында еңбек етіп жүрген ұжым ретінде, біз бұл мемлекеттік өзгерістердің маңызын ерекше сезінеміз. Елдің тұрақты дамуы ең алдымен білімге, ғылымға және инновацияға сүйенеді.

Осы орайда Холдингтің алдында маңызды міндеттер тұр:

  • Ғылыми әлеуетті жүйелі түрде нығайту;
  • Жас ғалымдарды жан-жақты қолдау;
  • Озық зерттеулер мен инновациялық жобаларды өндіріске енгізу.

Маңызды басымдық: Бүгінгі таңда биологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас әрі маңызды құрамдас бөлігіне айналды.

Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулерді дамыту, заманауи технологияларды енгізу және халықаралық стандарттарға сай ғылыми инфрақұрылымды қалыптастыру – халықтың денсаулығын қорғаудың, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және еліміздің биологиялық қауіпсіздікті нығайтудың басты кепілі болып табылады.

«QazBioPharm» ұлттық холдингінің ұжымы атынан баршаңызды Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының күшіне енуімен шын жүректен құттықтаймыз!

Холдингіміз алдағы уақытта да ел игілігі үшін ғылымды дамытуға, инновациялық шешімдерді қолдауға және мемлекетіміздің биологиялық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған стратегиялық жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыра береді.

Жаңарған Конституция мемлекетіміздің өркендеуіне, азаматтарымыздың әл-ауқатының артуына және Қазақстанның тұрақты дамуына берік негіз болсын!

Фото: @akordapress