Жаңалықтар

Конституциялық реформа: «QazBioPharm» ұлттық холдингі жаңа жобаның басымдықтарын саралады


2026 жылғы ақпан айында «QazBioPharm» ұлттық холдингінде Конституцияның жаңа жобасын талқылауға арналған ақпараттық жиын өтті. Холдингтің Бас директоры Ерғали Абдураимов бұл игі бастаманың стратегиялық басымдықтарына тоқталып, мемлекетіміздің жүйелі жаңғыру жолына түскенін атап өтті. Ата заңның жаңа жобасы адами капиталды дамыту мен ғылыми шығармашылыққа берілетін кепілдіктерді ел саясатының маңызды бағыты ретінде бекітеді. Бұл өзгерістер азаматтарымызға өз әлеуетін толық іске асыруына жол ашып, елімізде сапалы зияткерлік ұлт қалыптастыруға берік негіз болмақ.

Ақпараттық қауіпсіздік және цифрландыру қызметінің басшысы Қайрат Тулесов Конституцияға енгізілетін нақты өзгерістерге кеңінен тоқталып, ақпараттық қауіпсіздік пен мемлекеттік құрылымды жаңғырту тетіктері туралы айтып берді. Ол заңнамалық түзетулердің заман талабына сәйкестігін және оның тарихи дамудағы маңызын түсіндірді.

Талқылау барысында Холдинг басшылығы кез келген мемлекеттік маңызы бар реформа азаматтар тарапынан мұқият зерделеуді қажет ететініне назар аударды. Сонымен қатар, Конституция мәтінімен жеке танысудың маңыздылығы айтылды.

Ағымдағы жылдың 15 наурызында өтетін жалпыхалықтық референдум әрбір қазақстандықтың өз таңдауын жасап, мемлекеттің болашағына үлес қосатын маңызды сәті болмақ.