«QazBioPharm» Ұлттық холдингінің қызметі туралы
«QazBioPharm» Ұлттық холдингі – Қазақстандағы биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ғылым мен инновацияның ордасы.
Холдингте ғылыми зерттеулер жүргізіліп, биофармацевтикалық өнім әзірленеді. Сонымен қатар ол денсаулық сақтау мен ветеринариядағы ұлттық ғылыми әлеуетті нығайтуда да ерекше құзыретке ие.
Холдинг құрамында сегіз ғылыми-өндірістік ұйым жүйелі жұмыс жүргізеді. Олардың қатарында:
- Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты;
- М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы;
- Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты;
- OtarBioPharm толық циклды биофармацевтикалық зауыты;
- Ұлттық биотехнология орталығы;
- Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы;
- Республикалық микроорганизмер коллекциясы және «Биомедпрепарат» ғылыми-талдау орталығы.
Ресурстық базаға 3 микроағзалар коллекциялық орталығы мен 66 ғылыми зертхана кіреді.
Холдингтің аккредиттелген 8 алаңының жұмысы ISO 17025, GLP, GMP, ISO 13485 халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді.
Холдингтің ғылыми-өндірістік қызметі саланы өркендетуге жол ашып отыр. Соңғы жылдары 100-ден аса ғылыми жоба мен 20 ғылыми-техникалық бағдарлама жүзеге асырылды.
Жұмыс нәтижелері Web of Science және Scopus халықаралық базаларында 350 ғылыми мақала жарияланды.
Холдинг активінде 156 қолданыстағы патент, 118 тіркеу куәлігі бар. Бүгінде өндіріске 53 өнім атауы енгізілді. Онда вакциналар мен дәрілік заттардан бастап, медициналық бұйымдар мен ветеринарияға арналған препараттардың 34 түріне дейін қамтылған.
QazBioPharm-ның кадрлық әлеуеті зор. Штаттағы 1200 қызметкердің кәсіби тәжірибесі елдің стратегиялық міндеттерін шешуге бағытталған. Холдинг құрамында 684 ғылыми маман, оның ішінде 35 профессор, 31 ғылым докторы, 126 ғылым кандидаты, 72 PhD докторы және халықаралық деңгейдегі мамандар жұмыс істейді.
QazBioPharm – ғылыми білімді практикалық шешімдерге айналдыру.