QazBioPharm еншілес ұйымының қызметкері Нұрсұлтан Назарбаев қорының сыйлығының лауреаты атанды — tengrinews.kz
Нұрсұлтан Назарбаев қоры ғылым, білім беру және инновацияларды дамытуға үлес қосып жүрген Қазақстанның дарынды әрі бастамашыл жастарын ұзақ жылдар бойы қолдап келе жатқан республикалық сыйлыққа үміткерлер конкурсының қорытындыларын шығарды.
Сыйлық лауреаттарының қатарында — Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі, Ұлттық биотехнология орталығының қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты, PhD докторы Жабағын Мақсат Қизатович бар.
Ғалымның «Қазақстанда криминалистикалық ДНҚ-идентификацияны теориялық және қолданбалы тұрғыда дамыту үшін ұлттық генетикалық деректер базасын әзірлеу» тақырыбындағы жұмысы сараптамалық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, отандық генетика мен биотехнологияны дамытуға қосқан елеулі үлес ретінде танылды.
«QazBioPharm» ұлттық холдингі Мақсат Қизатовичті лайықты марапатымен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта жаңа ғылыми жетістіктерге, тың идеялар мен кәсіби табыстарға жетуіне тілектестік білдіреді!