Сұхбат

Алматыда халықаралық конференцияда қазақстандық ветеринария ғылымының 120 жылдығы атап өтілді


Алматы қаласында Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының құрылғанына 120 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара «Қазақ ветеринария ғылымына 120 жыл: биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетістіктер мен жаңа міндеттер» тақырыбына арналды және Қазақстан мен көптеген шетел мемлекеттерінен ветеринария саласындағы жетекші ғалымдар мен сарапшыларды жинады.


Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Кенжеханұлы Ермек, Жануарлар денсаулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (WOAH) Бас директорының кеңесшісі Романо Марабелли, сондай-ақ Швейцария, Қытай Халық Республикасы, Оңтүстік Корея, Беларусь Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Түркия Республикасы, Грузия және басқа да елдерден келген белгілі ғалымдар мен мамандар қатысты. Бұл Қазақстандағы ветеринария ғылымын дамытуға деген халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді.

Толығырақ