Сұхбат

Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты 120 жылдығын атап өтті


Алматыда Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының 120 жылдығына орай «Қазақ ветеринария ғылымына 120 жыл: биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетістіктер мен жаңа міндеттер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.


Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Кенжеханұлы Ермек, Жануарлар денсаулығы жөніндегі Дүниежүзілік ұйымның (WOAH) Бас директорының кеңесшісі Романо Марабелли, сондай-ақ Швейцария, Қытай, Оңтүстік Корея, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Түркия, Грузия және басқа да елдерден жетекші ғалымдар мен сарапшылар қатысты.


Конференцияның мақсаты — ветеринария саласында ғылым мен практиканың өзара байланысын нығайту, халықаралық тәжірибе алмасу, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инновациялық технологияларды енгізу бойынша стратегиялық бағыттарды анықтау.

Толығырақ