Директорлар кеңесі
Оспанов Кеңес Сәрсенғалиұлы

Оспанов Кеңес Сәрсенғалиұлы

Тәуелсіз директор

1948 жылы 15 шілдеде Қазақ КСР, Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Қурайлысай кентінде дүниеге келген.

1972 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын санитарлық-гигиеналық факультеті бойынша бітірген.

Кеңес Сәрсенғалиұлы — медицина ғылымдарының докторы (2006 ж.), Халықаралық Жаратылыстану ғылымдары академиясының (МАНЭБ) академигі (2003 ж.), эпидемиология және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары санатты дәрігер, М. Оспанов атындағы БҚММУ Құрметті профессоры.

Еңбек жолы:

1972–1985 жылдары — КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің Орал обаға қарсы стансасының Жәмпейті обаға қарсы бөлімшесінде дәрігер, Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының аса қауіпті инфекциялар бөлімінің дәрігер-эпидемиологы, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бас эпидемиологы болып жұмыс істеді.

1985–2002 жылдары — Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының дәрігер-эпидемиологы, аса қауіпті инфекциялар бөлімінің меңгерушісі және бас дәрігерінің орынбасары.

2002–2009 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің бас дәрігері.

2009–2011 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы және ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

2012–2018 жылдары — Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының Астана қаласындағы филиалының директоры және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы директорының кеңесшісі.

Ғылыми қызметі:

Аса қауіпті инфекциялардың алдын алу және олармен күресу шаралары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шекарасын санитарлық қорғау салаларындағы отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланған 2 монографияның, 2 оқулықтың, 15 әдістемелік ұсынымның және 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы және қосалқы авторы. Халықаралық және республикалық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысқан, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеуге елеулі үлес қосқан.

Марапаттары:

«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» төсбелгісі (2000 ж.).

«Ерен еңбегі үшін» медалі (2005 ж.).

Мерейтойлық медальдар мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы (2006 ж.).