«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ директор луазымына орналасуға конкурс жариялайды:
Қызметтің негізгі бағыттары:
— адамды бактериялық, вирустық және бактериялық-вирустық (микст) инфекциялардан қорғау бойынша медицина, химия, фармакология және фармация саласындағы ғылыми қызмет;
— инфекцияға қарсы жаңа дәрілік заттарды әзірлеу және өндіру.
Лауазымдық міндеттері:
Өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың өзара іс-қимылдарын көрсетілетін қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оның қарамағындағы тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.
Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Биологиялық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы;
адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер;
халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;
төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.
Біліктілік талаптар:
«Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» (Биология, Биотехнология, Генетика, Химия), «Денсаулық сақтау» (Фармация, Жалпы медицина, Медицина, Биомедицина), «Өндірістік және өңдеу салалары» (фармацевтикалық өндіріс технологиясы), Ветеринария (Ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария), «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» (Мал шаруашылығы) даярлау бағыты бойынша жоғары білім.
Тиісті кәсіптік қызмет саласы бойынша ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе философия докторы PhD немесе докторы ғылыми дәрежесінің болуы. — биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламаларынан өткені туралы сертификаттар.
мамандығы бойынша кемінде 7 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ғылым (вирусология, Микробиология, Биотехнология, биологиялық қауіпсіздік, генетика, Фармация, ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыста, ғылыми-өндірістік қызметте, экология, денсаулық сақтау, медицина) саласындағы қызмет бағыты бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл Холдингтің еншілес ұйымында төмен тұрған лауазымда стратегиялық маңызы бар және/немесе кемінде 5 жыл экономика салаларының стратегиялық немесе объектілеріне.
Мүмкіндігінше болуы қажет:
— ұйымның бейініне сәйкес патогенділіктің тиісті тобынан төмен емес патогенді биологиялық агенттермен 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі.
— нәтижелері ғылыми қоғамдастықта сыналған және тиісті ұлттық ғылыми кеңестің қорытындысын алған кемінде 3 (үш) ғылыми жобаға басшылық ету тәжірибесі;
-нәтижелері ғылыми қоғамдастықта сыналған және тиісті ұлттық ғылыми кеңестің қорытындысын алған кемінде 1 (бір) ғылыми-техникалық бағдарламаны (ҒТП) басқару тәжірибесі (басымдық);
— өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге және пайдалы модельдерге кемінде 5 патент, оның ішінде кемінде 1 Еуразиялық / шетелдік;
— салалық мемлекеттік органдарда тіркелген Ғылыми-техникалық құжаттамалардың (ҒТҚ) авторлығы.
Конкурсқа қатысу үшін:
— өтініш нысан бойынша;
— қоса берілген нысан бойынша 3*4 өлшемді түрлі-түсті фотосуреті бар кандидаттың қызметтік тізімі;
— білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелерін, 2024 жылғы 09 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) HR@qbp-holding.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет.
Конкурсты өткізу мерзімі: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Конкурстың өтетін орны Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5.
Кадр қызметінің телефоны 70-75-51.