Тарих

COVID-19 пандемиясы және әлемнің көптеген елдерінде төтенше жағдайдың енгізілуі биологиялық қауіпсіздік пен мемлекеттік басқару шараларының тиімділігі мәселелерін өзектендірді.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің биологиялық қауіпсіздігін болжаудың және отандық биофармацевтиканы дамытудың ұлттық жүйесін құру қажеттігі нақтыланды.

Осыған байланысты 2021 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысуымен «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» (бұдан әрі — Холдинг) акционерлік қоғамы құрылды.

Холдингтің жарғылық капиталы «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін беру есебінен қалыптастырылды. Холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.