«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС

218 көрініс

«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ еншілес ұйымы болып табылады.

Басшылық

Бас директоры – Қасенов Мархабат Мелісбекұлы, ветеринария ғылымдарының кандидатығ профессор

Негізгі бағыттары және мақсаттары:

  • ҚР территориясында аса қауіпті, зооантропонозды және эмерджентті инфекциялардың пайда болуы мен таралу қаупін болжау, бағалау және басқару, эпизоотологиялық мониторинг жүргізу;
  • жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды балау, алдын алудың тәсілдері мен әдістерін, ауру малбасын емдеу және жануарлар денсаулығын қорғауға арналған препараттарды өндіру технологиясын іздеп табу және — жетілдіру;
  • жануарлар және өсімдік текті өнімдердің тағамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, бақылаудың және сапасын бағалаудың әдістерін жасау;
  • жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының алдын алу және жою бойынша эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүйесін әзірлеу және енгізу (ҚР-да жануарлар ауруларымен күрес бойыншаі ұлттық бағдарламалар);
  • ветеринария бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағының аса қауіпті инфекциялардан таза мәртебесін алу мақсатында әзірленетін нормативтік құжаттардың ғылыми негіздемесі (Қазақстан Республикасының биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету).

Ғылыми-өндірістік қызмет бағыттары:

  • жануарлардың ауру қоздырушысының генетикалық құрылымын зерттеу;
  • жануарлардың ауруларының қоздырушысының генетикалық өзгергіштігін зерттеу;
  • жануарлардың ауыруы кезінде иммунобиологиялық көрсеткіштерін  зерттеу;
  • эпизоотияға қарсы шаралардың ғылыми негізделген жүйесін әзірлеу;
  • балаулық және емдік-алдын алу препараттарды әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасы аумағының ветеринариялық қауіпсіздігін ғылыми қамтамасыз ету;
  • экологиялық және тағамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерді әзірлеу;
  • шаруашылық нысандарға ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету
  • жұқпалы аурулармен күресудің стратегиясы мен тактикасын әзірлеу;
  • ғылыми әзірлемелерді енгізу.

Эл.пошта: kaznivialmaty@mail.ru

Байланыс номері: +7(727) 233-72-71

Мекенжай: Алматы қаласы, Райымбек 223

https://kaz-nivi.kz/