«Биомедпрепарат» ғылыми-аналитикалық орталығы» ЖШС
«Биомедпрепарат» ғылыми-аналитикалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ еншілес ұйымы болып табылады.
Басшылық
Бас директор – Садықов Азамат Мұхамедьярұлы
Миссиясы:
Орталықтың миссиясы аналитикалық зерттеулер мен медицина саласында сапалы қызметтер көрсету, сондай-ақ биохимия, микробиология, биотехнология және өсімдік шаруашылығы саласында өзекті ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Мақсаттары мен міндеттері:
– аккредитация аймағы аясында аналитикалық зерттеулер жүргізу;
– химия, биохимия және микробиология саласында зерттеулер жүргізу бойынша қызметтер көрсету;
– биохимия, микробиология, биотехнология және өсімдік шаруашылығы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
– сапалы дәрігерлік қызметтер көрсету.
Негізгі қызмет түрлері:
– әр түрлі кендердегі бағалы металдардың құрамын бағалау бойынша зерттеулер, сондай-ақ әр түрлі көздерден алынған судың сапалық талдауы;
– биохимия, микробиология, биотехнология және өсімдік шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер;
– тамақ, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және экология үшін биопрепараттарды, технологияларды әзірлеу және енгізу.
Зерттеу саласы:
– әртүрлі кендерден бағалы металдарды шаймалаудың биологиялық әдістерін әзірлеу;
– пробиотикалық культураларды талдау негізінде ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібіне арналған биопрепараттарды өндіру технологияларын зерттеу және әзірлеу;
– әртүрлі салалар үшін перспективалы химиялық қосылыстарды синтездеу және зерттеу;
– ластанудың әртүрлі түрлерін қайта өңдеуге және экожүйені қалпына келтіруге арналған биопрепараттарды әзірлеу және қолдану;
– өсімдік шаруашылығына және ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен күресуге арналған биопрепараттарды әзірлеу және енгізу.
Эл.пошта: biomedpreparat@bk.ru
Байланыс номері: +7(716) 457-32-06
Мекенжай: Степногорск қ, 9 ықшам ауданы, 3 ғимарат