«QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ және «BeNeLux» Сауда-өнеркәсіп палатасының «Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

83 көрініс
«QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ және «BeNeLux» Сауда-өнеркәсіп палатасының «Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі  өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Меморандумның мақсаты ынтымақтастықты нығайту және дамыту. Сондай-ақ өз құзыреті шегінде сауда және инвестициялық мүмкіндіктерді ілгерілету болып табылады.
Сонымен қатар тараптар отандық фармацевтикалық, дәрілік және ветеринариялық препараттарды сыртқы нарықтарға дамытуға және ілгерілетуге бағытталған БеНиЛюкс елдерімен (Бельгия Корольдігі, Нидерланды Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі) биофармацевтика саласында іскерлік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық пен әріптестікті нығайтуды жоспарлап отыр.
«БеНиЛюкс» Сауда-өнеркәсіп палатасының «Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі — Қазақстан Республикасы (бұдан әрі «Тараптар елдері» деп аталатын) БеНиЛюкс елдері (Бельгия Корольдігі, Нидерланды Корольдігі және Люксембург Ұлы Герцогтігі) арасындағы сауда қатынастарын, инвестицияларды және бизнестің өзара іс-қимылын дамытуға жәрдемдесуге ұмтылатын коммерциялық емес ұйым.

«QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ және «BeNeLux» Сауда-өнеркәсіп палатасының «Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі  өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды