Холдингте инновациялық жобалар талқыланды

123 көрініс
Холдингте инновациялық жобалар талқыланды

2024 жылғы 20 тамызда «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамында инновациялық жобалар талқыланды.

Кездесуге ҚР Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі К. Закарья, Холдинг басшылығы, СІМ Инвестиция комитетінің бірінші хатшысы С. Сабыр, «X-MATRIX» ЖШС компаниясының өкілдері, «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС өкілі Б. Әнапия, Холдингтің еншілес ұйымы Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры В. Огай және зертхана меңгерушілері қатысты.

Кездесу барысында К. Закарья Холдингтің ғылыми жұмыстарын ілгерілету мақсатында, биотехнология саласындағы озық жобаларды дамытуды, ауқымды жобаларға инвестиция тарту жұмыстары және шетелдің жетекші компаниялармен келіссөздер жүргізу маңыздылығына тоқталып өтті.

«X-MATRIX» ЖШС компаниясының өкілі З. Мамет-Алиев «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС-мен бірлескен «X-Graft» өндірісін ұйымдастыру жөніндегі жоба жайлы баяндады.

«X-Graft» биологиялық жабындысы коллаген мен эластиннің табиғи талшықтарынан тұрады және адам терісіне ұқсас биомеханикалық қасиеттерге ие. Сондай-ақ «Х-Graft» қолдану аймағында күйіктер мен ұзақ емделмейтін жараларды емдеу, тіс импланттарының айналасындағы жұмсақ тіндердің көлемін ұлғайту және т. б. қызметтерді атқарады.

Ендігі кезекте «X- Graft» биологиялық жабындысын медициналық бұйым ретінде тіркеу және сериялық өндірісін іске қосқаннан кейін Қазақстанда және алыс-жақын шетелдерде сатуды жоспарлауда.

Е. Абдураимов Холдинг тарапынан ауқымды жобаларға қолдау білдіретінін және жетекші компаниялармен тығыз жұмыс жүргізу керектігіне тоқталды.

В. Огай дің жасушалары зертханасының перспективалық әзірлемелері, операция жасауға арналған гемостатикалық губка және т.б. ғылыми жобалар туралы баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі К.Закарья талқыланған ғылыми жобалар бойынша нақты тапсырмалар берді.

Холдингте инновациялық жобалар талқыланды