Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ еншілес ұйымы «OtarBioPharm» ЖШС биофармзауытына іссапары туралы

120 көрініс
Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ еншілес ұйымы «OtarBioPharm» ЖШС биофармзауытына іссапары туралы

2024 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ еншілес ұйымы «OtarBioPharm» ЖШС биофармзауытына іссапармен барды.
Сапар аясында Премьер-Министрдің орынбасарымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Ғылым және инновация мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закарья, Үкімет мүшелері және Холдингтің бас директоры Ерғали Абдураимов болды.
Делегация «OtarBioPharm» ЖШС биофармзауыты, зауыттың биологиялық субстанцияларды шығаруға салынып жатқан 2-ші өндірістік кешенімен, сондай-ақ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты мен зауыт қызметкерлеріне арнайы салынған қызметтік үйлер және спорт кешенімен танысып шықты.
Іссапар соңында Тамара Дүйсенова мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдеріне арнайы жиналыс өткізіп, тиісті тапсырмалар берді.

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ еншілес ұйымы «OtarBioPharm» ЖШС биофармзауытына іссапары туралы