2024 жылғы 11 сәуірде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен «Қазақстан-Финляндия» дөңгелек үстелі өтті.

75 көрініс
2024 жылғы 11 сәуірде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен «Қазақстан-Финляндия» дөңгелек үстелі өтті.

Аталған шарада “QazBioPharm” ұлттық холдингі” АҚ бас директоры Ерғали Абдураимов Холдинг және еншілес ұйымдардың негізгі жұмыстарымен таныстырды.
Оның ішінде Холдингтен өндірілетін медициналық және ветеринарлық дәрі-дәрмек және вакциналар, сондай-ақ Холдинг мүмкіндіктеріне тоқталып өтті.

Іс-шара мақсаты — екіжақты ынтымақтастықты арттыру, Қазақстанның сауда-инвестициялық әлеуетін Финляндия тарапынан келген өкілдерге таныстыру.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 4 желтоқсанда Хельсинки қаласында (Финляндия) «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ мен «Orion Corporation» жетекші фин фармацевтикалық компаниясы арасында серіктестік және жеткізу туралы Келісімге қол қойылған болатын.

2024 жылғы 11 сәуірде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен «Қазақстан-Финляндия» дөңгелек үстелі өтті.