2024 жылғы 31 шілдеде «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамында Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Чжан Сяо мырзамен ресми кездесу өтеді.

50 көрініс

2024 жылғы 31 шілдеде «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Холдинг) Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Чжан Сяо мырзамен ресми кездесу өтеді.

Сонымен қатар кездесуге Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Закарья Күнсұлу Дальтонқызының қатысуы жоспарлануда.

Кездесудің негізгі мақсаты – Қытай еліндегі биотехнология, геномдық технологиялар, молекулалық диагностика  саласындағы жетекші компаниялармен алдағы уақытта серіктестікті нығайту, сондай-ақ 2024 жылғы 18 шілдеде Холдингтің еншілес ұйымы Ұлттық биотехнология орталығының базасында ашылған әлемдік деңгейдегі генетикалық зертхана — Astana Genetic Center (AGC) жұмысымен танысу.

Бұл зертхананың басты ерекшелігі — әртүрлі ауруларды, соның ішінде генетикалық ауруларды, қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеудің инновациялық әдістері әзірленеді.

 

Өтетін күні: 2024 жылғы 31 шілде

Уақыты: 16:30

Өтетін орны:  Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5

Аккредиттеу үшін: +778 552 8116 – Еңлік Бердірахманова