«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының  Ғылым департаменті ғылым басқармасының жетекші сарапшы (уақытша, негізгі қызметкер уақытша болмаған кезеңінде) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Міндеттері:

Жауапты орындаушы ретінде немесе ғылыми жетекшімен бірлесіп тақырыптың жекелеген бөлімдері (кезеңдері, тапсырмалары) бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу және әзірлеу; күрделі эксперименттер мен бақылауларды жүзеге асыру; ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу талдау және жалпылау, озық отандық және шетелдік тәжірибе, эксперименттер мен бақылаулардың нәтижелері; зерттеулер мен әзірлемелердің жоспарлары мен әдістемелік бағдарламаларын, олардың нәтижелерін пайдалану бойынша практикалық ұсынымдарды жасауға қатысу; тақырып немесе оның бөлімі (кезеңі, тапсырмасы) бойынша есептер (есеп бөлімдері) жасайды; зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін енгізуге, әртүрлі тұжырымдамалардың, бағдарламалардың, заңдардың, әлеуметтік-экономикалық реформаның жүйелік-ғылыми негіздерінің, өңірлерді дамытудың кешенді бағдарламаларының, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, зияткерлік меншік нарығын және тиісті инфрақұрылымды дамыту үшін нормативтік-құқықтық базаның жобаларын әзірлеуге қатысу; ғылыми-техникалық жетістіктер мен идеялар нарығында маркетингтік зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру және ғылыми зерттеулерді бірлесіп жүргізу үшін серіктестер іздеуге шаралар қолданады.

Біліктілік талаптар:

«Денсаулық сақтау» (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, биомедицина), «Ветеринария», «Биологиялық және сабақтас ғылымдар» (биология, биотехнология), «Қоршаған орта» (экология), «Физикалық және химиялық ғылымдар» (химия), «Бизнес және басқару» (экономика) даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін 2024 жылғы 25 қарашаға дейін (қоса алғанда) фотосуреті бар түйіндемені (телефон номерін, оның ішінде байланыс телефондарын, білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып) және қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті электрондық мекенжайға жіберу қажет HR@qbp-holding.kz.

Конкурсты өткізу мерзімі: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Конкурстың өтетін орны Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5.

Кадр қызметінің телефоны 70-75-51.

Өтініш: жүктеу