«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғам қызметкерінің бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының Сертификаттау және өнім сапасы департаменті Сертификаттау және өнім сапасы басқармасының жетекші сарапшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Міндеттері:

Өндірістік процестердің, өндірілетін өнімнің салалық, мемлекеттік халықаралық стандарттар мен сертификаттарға сәйкестігін тексеруді регламенттеу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу; уәкілетті органды сертификаттау және аккредиттеу рәсіміндегі ережелер мен өзгерістердің мониторингі; сапа стандарттарының талаптарына сәйкес (GxP, ISO 13485, ISO 17025 т. б.) ДЗ, ММБ және ВП шығару үшін рұқсат құжаттарын дайындауға және алуға қатысу; уәкілетті реттеуші органдар және үшінші тарап жүргізетін өндірістік және зертханалық үй-жайларда аудит жүргізуді және оған қатысуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету/инспекция; уәкілетті реттеуші органдар және үшінші тарап жүргізетін өндірістік және зертханалық үй-жайларда аудит/инспекция жүргізуді және оған қатысуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; түзету/ алдын алу іс-әрекеттерінің орындалуын бақылау (САРА); уәкілетті органды сертификаттау және аккредиттеу рәсіміндегі ережелер мен өзгерістердің мониторингі.

Талаптар:

Даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (биология, биотехнология, химия), Фармацевтикалық өндіріс технологиясы, «Денсаулық сақтау» (фармация, жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау), Ветеринария (ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария), Агрономия, мүмкіндігінше сертификат болуы қажет.

Конкурсқа қатысу үшін 2024 жылғы 25 қарашаға дейін (қоса алғанда) фотосуреті бар түйіндемені (телефон номерін, оның ішінде байланыс телефондарын, білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып) және қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті электрондық мекенжайға жіберу қажет HR@qbp-holding.kz.

Конкурсты өткізу мерзімі: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Конкурстың өтетін орны Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5.

Кадр қызметінің телефоны 70-75-51.

Өтініш: жүктеу