«QazBioPharm» ұлттық холдингінде Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңестің отырысы өтті | Жаңалықтар

«QazBioPharm» ұлттық холдингінде Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңестің отырысы өтті


2026 жылғы 27 қарашада Астанада «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ-ның Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасында биологиялық қауіпсіздік саласын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, Холдингтің еншілес ұйымдарының қызметі, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздікке жауапты қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыру мәселелері қаралды.

Еншілес ұйымдардың басшылары Тұжырымдама бойынша іс-шаралардың орындалу нәтижелерін таныстырып, әрі қарай пысықтауды қажет ететін мәселелерді атап өтті.

Холдинг құрылымындағы ұйымдардың биологиялық қауіпсіздік саласындағы қызметіне жүргізілген бағалау қорытындысы бойынша түзету іс-шараларының орындалуына, сонымен қатар осы бағытқа жауапты қызметкерлердің білім деңгейін бағалау нәтижелеріне ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, қатысушылар осы ұйымдардағы биологиялық қауіпсіздік жөніндегі офицерлердің бастапқы білім деңгейін бағалау нәтижелерін қарады.

Күн тәртібінің қорытынды мәселесі ретінде Кеңестің 2027 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, бекітілді.