Олжас Бектенов Республика күні қарсаңында Президент атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті – www.primeminister.kz
Басты жалпыұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен бәріміз бір ел болып, ауқымды саяси реформаларды табысты жүзеге асырдық. Егемендіктің берік тұғырына айналған жаңа Конституциямыз заңды күшіне еніп, мемлекеттік басқару жүйесі түбегейлі қайта жаңғырды. Қазақстан азаматтарының жасампаз рухының арқасында бірегей саяси оқиғаларды жауапкершілікпен әрі жоғары ұйымшылдықпен атқарып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін аса маңызды бастамаларды қолға алдық», – деп атап өтті Олжас Бектенов.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
- Ерғали Әбдірайымов – «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ бас директоры;
- Абылайхан Оспанов – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры;
- Бақытжан Жүнісбеков – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы;
- Жаныл Үмбетьярова – «Хиуаз Доспанова халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы;
- Мәлік Сәулебай – «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК бас директоры;
- Айгүл Әкімбаева – «KEGOC» АҚ басқарушы директоры наградталды.
Толығырақ: Олжас Бектенов Республика күні қарсаңында Президент атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті