OtarBioPharm зауыты «Қазақстанның үздік тауары – 2026» көрме-байқауының жеңімпазы атанды
«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы – «OtarBioPharm» биофармацевтикалық зауыты 2026 жылғы 22 мамырда Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінің көрме орталығында өткен Жамбыл облысы тауар өндірушілері арасындағы «Қазақстанның үздік тауары – 2026» көрме-байқауында жеңімпаз атанды.
Кәсіпорын ірі қара, ұсақ мал және шошқа аусылына қарсы «AusylVac-Oil» және «AusylVac-Al» вакциналарын ұсынып, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша жоғары марапатқа ие болды.
Бұл жетістік – отандық биофармацевтика саласының дамуы мен қазақстандық ғалымдар мен мамандардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Бүгінде «OtarBioPharm» зауыты ветеринариялық биопрепараттар өндірісін дамытуға және еліміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді.
«QazBioPharm» ұлттық холдингі ұжымы «OtarBioPharm» зауытындағы әріптестерімізді жеңісімен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейді. Еңбектеріңіз ел игілігіне қызмет ете берсін!