Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл: Тұрақтылық пен дамудың жаңа белесі
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің мақаласы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен өткен жеті жылдағы еліміздің түбегейлі жаңару жолын айқын көрсетеді. Мақалада атап өтілгендей, жаһандық дағдарыстар мен геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстан экономикасы шикізаттық тәуелділіктен арылып, нақты өндіріс пен инновацияға негізделген сапалы өсімге қол жеткізді. Ішкі жалпы өнімнің 300 млрд доллардан асуы, өңдеу өнеркәсібінің 2,5 есе өсуі және әлемдік топ-50 экономика қатарына енуіміз — жүйелі реформалардың жемісі.
«QazBioPharm» ұлттық холдингі үшін мақаладағы адами капиталды дамыту, ғылыми шығармашылықты қолдау және цифрлық трансформация мәселелері ерекше маңызды. Президенттің «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен жаңа Конституция жобасы еліміздің ұзақмерзімді тұрақтылығы мен зияткерлік ұлт қалыптастыру жолындағы басты кепілі болып табылады.
Бұл жеті жыл — жалаң ұраннан нақты іске, дағдарысты басқарудан жүйелі жасампаздыққа көшу кезеңі ретінде тарихқа енбек.
«Қасым-Жомарт Тоқаев тұтас ұлт тағдырын мойнына алған жеті жылда еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму моделінде ауқымды әрі жүйелі өзгерістер болды. Бұл жылдар жер бетін түгел жайлаған пандемия, әлемдік экономиканың баяулауы, инфляциялық және логистикалық сын-тегеуріндер, геосаяси тұрақсыздық сияқты жаһандық ахуалдың аса күрделі кезеңімен, сондай-ақ жылдар бойы жалғасқан ішкі экономикалық әрі саяси теңсіздіктерді еңсеру қажеттілігімен тұспа-тұс келді.
Күрмеуі қиын, қордаланған түйт¬кілдерге қарамастан, Президентіміз тұрақтылықты қамтамасыз етіп, Қазақстан серпінді даму жолына түсті.
Көптеген сын-қатерге жауап ретінде бірінші кезекте мемлекетіміздің ұзақмерзімді орнықтылығын нығайтуды мақ¬сат еткен ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Президент Тоқаев жалаң ұран мен популизмге жол берген жоқ, уақытша нәтижелерге де ешқашан иек артқан емес. Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын жақ¬сартуға, экономикалық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған елдіктің мызғымас берік тұғырын қалыптастыру жолында еңбек етіп келеді.
Мұндағы нәтиженің бәрі көз алдымызда.
2025 жылы әлемдік экономиканың өсімі 3,3%-ды құраса, Қазақстанда ішкі жалпы өнім 6,5%-ға артты.
Экономиканың құрылымы да өзгерді. Бұрын өсім негізінен сыртқы шикізаттық конъюнктураға тәуелді болса, бүгінде ол Мемлекет басшысының жүйелі шешім¬д嬬рінің арқасында шикізаттық емес секторлар мен ішкі сұраныстың есебінен өсіп келеді.
Осылайша, экономиканың өсуіне өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, көлік және қызмет көрсету салалары барынша үлес қосып отыр.
Жеті жыл ішінде номиналды ІЖӨ 1,7 есеге ұлғайып, 2019 жылғы 181,7 млрд доллардан 2025 жылы 305,9 млрд долларға дейін өсті. Жан басына шаққандағы ІЖӨ де тұрақты түрде артып, 2019 жылғы 9,8 мың доллардан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 15 мың долларға дейін жетті».
Толығырақ сілтемеден оқыңыздар: https://egemen.kz/article/408095-zhasampazdyqqa-dgetelegen-dgeti-dgyl