Жаңа 2026 жыл құтты болсын!
Құрметті әріптестер, серіктестер,
Сіздерді «QazBioPharm» ұлттық холдингінің ұжымы атынан келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Ағымдағы жыл ел өмірінде маңызды оқиғаларға, ауқымды бастамаларға және қоғамның тұрақты дамуына бағытталған маңызды қадамдарға толы болды. Бұл кезең түрлі салаларда атқарылған ортақ еңбектің, табандылық пен бірліктің нәтижесін көрсетті.
Жаңа жыл Сізге және жақындарыңызға жағымды жаңалықтар мен телегей табыстар әкелсін. Денсаулығыңыз мықты, отбасыңыз аман, еңбегіңіз жемісті болсын. Алға қойған мақсаттарыңыз сәтті орындалып, 2026 – ырыс пен ынтымақтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай!
Ізгі ниетпен,
Бас директор
Е. Абдураимов