16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі құтты болсын!
Құрметті әріптестер!
Сіздерді «QazBioPharm» ұлттық холдингінің ұжымы атынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік жылдары еліміз тұрақты дамып, әлеуметтік-экономикалық және мәдени салаларда айтулы жетістіктерге қол жеткізді. Мемлекетіміздің халықаралық аренадағы беделі артып, жаңа тарихи кезеңдерде маңызды белестерді бағындырдық. Бұл жетістіктер – бірлік пен ынтымақтың, қажырлы еңбектің нәтижесі.
Алдағы уақытта да ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қоса береміз деп сенеміз.
Осы мерейлі мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, жаңа бастамаларыңызға сәттілік, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз. Еліміздің тыныштығы баянды, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!