Жаңалықтар

«QazBioPharm» Ұлттық холдингін құру туралы


Мемлекеттік қатысуымен заңды тұлғаларды құру жөнінде ҚР ҰЭП «Атамекен» ұсынымдарын беру регламентіне сәйкес, «QazBioPharm» ұлттық холдингін құру туралы сұрау қоғамдық талқылау үшін жарияланады.


Қазақстан Республикасының Президентінің 2021 жылғы 14 маусымдағы №21-2536 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-ны құруды жоспарлап отыр. Холдинг құрамына қазіргі уақытта республикалық мемлекеттік кәсіпорындар «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» (БҚҒЗИ), «Ұлттық биотехнология орталығы» (ҰБО), «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» (РМК) кіреді, олар кейіннен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге («БҚҒЗИ», «ҰБО», «РМК») түрлендіріледі.


Қызмет ету аумағы: Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша.


Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «QazBioPharm» Холдингі» АҚ-дағы мемлекеттік акция пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырады және «QazBioPharm» Холдингі» АҚ-ның Біріккен акционері болып табылады, акционер ретінде мемлекеттік мүддені жалпы акционерлік жиналыстың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚР заңнамасына сәйкес қорғайды.


Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асыруды жоспарлап отыр:


Холдингтік компаниялар қызметі (ОКЭД 64200);


Фармацевтикалық препараттарды өндіру (21201);


Кепілдендірілген көлемде тегін медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық және медициналық тауарларды көтерме саудасы (46462);


Ветеринариялық препараттарды өндіру (21202);


Биотехнология саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (72110);


Инфекцияға қарсы препараттар саласында зерттеулер мен әзірлемелер (72195).