Астанада биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық конференцияның алғашқы күні өтті — 24 KZ
27 қараша күні Астанада «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ ұйымдастырған биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық конференцияның алғашқы күні өтті.
Іс-шараға Қазақстан, Франция, Қытай және Ресейден 300-ден астам қатысушы жиналды.
Негізгі оқиға ретінде «Биологиялық қауіпсіздік» консорциумының үш жылдық бағдарламасының қорытындылары — тәжірибеге енгізуге дайын тест-жүйелер, вакциналық платформалар және инновациялық дәрілік препараттар таныстырылды.