27–28 қарашада Астанада биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференция өтті — Tengri Astana
27–28 қараша күндері Астанада Ұлттық QazBioPharm холдингі ұйымдастырған биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференция өтті. Іс-шара Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Франция және Қытайдың жетекші ғалымдарын біріктірді.
Қазақстандық мамандар үш жылдық зерттеулердің нәтижелерін ұсынып, денсаулық сақтау және ветеринария саласындағы негізгі сын-қатерлерді талқылады.
Конференция аясындағы көрмеде қауіпті және аса қауіпті инфекциялардың алдын алу мен емдеуге арналған тест-жүйелер, вакциналар және дәрілік құралдар көрсетілді.
Қосымша ақпаратты QazBioPharm ресми сайтынан алуға болады.