Директорлар кеңесі
Исакова Динара Турапбайқызы

Исакова Динара Турапбайқызы

Астана халықаралық университетінің доценті, тәуелсіз директор

1970 жылдың 24 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгер ауданы, Текесу елді мекенінде дүниеге келген.

Білімі:

  • 1985–1989 жж. — Политехникалық техникумды «Мұнай және газ өнімдерін өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша аяқтады.
  • 1991–1996 жж. — Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетінде жоғары білім алды.
  • 2000–2002 жж. — Адам және жануарлар физиологиясы ғылыми-зерттеу институтында аспирантурада оқыды.
  • 2002 ж. — «Эритроцит мембранасымен макромолекулалардың тасымалдануына ауыр металл тұздарының әсері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

Еңбек жолы

1989–1991 жылдары аралығында Қазақ тағамтану институтында аға лаборант болып жұмыс істеді.

1996–2005 жылдар кезеңінде ҚР БҒА Адам және жануарлар физиологиясы институтында ғылыми қызметкер қызметтерін атқарды.

2005–2011 жылдары Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға оқытушы және доцент болды.

2011–2023 жылдар аралығында ғылыми-педагогикалық қызметін жалғастырып, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында/университетінде (доцент), Сырдария университетінде (кафедра меңгерушісі) және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (доцент) жұмыс істеді.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана халықаралық университетінде доцент қызметін атқаруда.