«QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ Әкімшілік, құқықтық және кадрлық сүйемелдеу департаменті офис-менеджерінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ Әкімшілік, құқықтық және кадрлық сүйемелдеу департаментінің офис-менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

 

Міндеттері:

Департаменттің жұмысын дайындауды және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Департаменттің жұмысын бастауға және персоналдың алдында тұрған ағымдағы міндеттерді шешуге қажетті құжаттарды, материалдарды, ақпараттарды дайындауды ұйымдастырады. Офис қызметкерлерін визит карточкаларымен (бейдждермен) қамтамасыз етеді. Жұмыс сапасының стандарттарын және жұмыс сапасын бағалау критерийлерін әзірлейді, жұмыс тиімділігін талдайды, қабылданған шешімдердің орындалуына бақылау жасайды.

Телефон арқылы келіссөздер жүргізу бойынша хатшының жұмысын орындайды (келіп түскен қоңырауларды қабылдау, шығыс қоңырауларды басқару, қоңырауларды қайта бағыттау, телефонограммаларды қабылдау және жіберу).

Департамент жұмысында кеңсе техникасын пайдалануды ұйымдастырады, Департамент жабдықтарының, коммуникацияларының тиісті жағдайда болуына бақылау жасайды, кеңсе техникасы мен басқа да жабдықтарда ақаулар анықталған жағдайда жөндеу жұмыстарын және техникалық қызмет көрсетудің өзге түрлерін жүргізу үшін мамандарды шақырады.

Қонақтарды, делегацияларды, клиенттерді, серіктестерді қарсы алуды, қабылдауды, тіркеуді және қажетті қызмет көрсетуді ұйымдастырады, визит карточкаларын қабылдайды, олардың мазмұнын талдайды, сақтауды жүзеге асырады, келіссөздерге, презентацияларға, кеңестерге, конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға материалдық-техникалық қолдау көрсетеді, соның ішінде хаттамалар жүргізеді.

Іскерлік келіссөздерді ұйымдастырады (іскерлік кездесулерді жоспарлайды, іскерлік келіссөздердің бағытын анықтайды, келіссөздерді этикет пен протокол тәртібін сақтай отырып жүргізеді, келіссөздердің құжаттық рәсімделуін ұйымдастырады, іскерлік кездесудің нәтижелерін талдайды).

 

Талаптар:

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім келесі кадрларды даярлау бағыттарының біреуі бойынша: «Бизнес және басқару» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, басқару), «Құқықтану», «Халықаралық қатынастар», «Ақпараттық технологиялар» (ақпараттық жүйелер) немесе ұйымның қызмет саласы бойынша.

Офистік басқару немесе әкімшілік қолдау саласында жұмыс өтілінің, сондай-ақ ұйым қызметінің бейіні бойынша практикалық дағдыларының болуы – кемінде 2 жыл.

 

Ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметін және өзге де қызметін реттейтін заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу, персоналды басқару қағидаттары, уәждемелік әдістер мен стратегиялар, бағдарламалық қамтамасыз ету негіздері, бизнес-жобаларды жүргізу жөніндегі білімдер және т.б.Мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін 2025 жылғы 7 қазанды қоса алғанда, сағат 18:00 дейін

HR@qbp-holding.kz электрондық мекенжайына төмендегі құжаттарды жолдау қажет:

1) нысан бойынша өтініш;

2) фотосуреті бар түйіндеме (телефондарды, оның ішінде байланыс телефондарын, білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);

3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі немесе өзге құжат.

Конкурсты өткізу мерзімі: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Конкурстың өтетін орны Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5.

Кадр қызметінің телефоны 70-75-51.

Өтінішті Жүктеу

Үміткерлерді іріктеу ережелерін жүктеү