«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы Корпоративтік даму, активтерді басқару, стратегия және талдау департаментінің бас менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Негізгі міндеттер:
— Холдинг және акционері (қатысушысы) Холдинг болып табылатын ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған корпоративтік басқару стратегияларын іске асыруға жәрдемдесуді жүзеге асырады;
— Қазақстан Республикасының заңнамасына және Холдингтің және акционері (қатысушысы) Холдинг болып табылатын ұйымдардың ішкі нормативтік актілеріне сәйкес корпоративтік басқару қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
— акционері (қатысушысы) Холдинг болып табылатын ұйымдарға атқарушы органдардың қызметін бақылау органдарының отырыстарын өткізуге жәрдемдеседі, сондай-ақ олардың шешімдерін іске асыруды сүйемелдейді;
— Корпоративтік басқару саласында саясат пен рәсімдерді қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеді;
— Ақпаратты ашу стандарттарын енгізу арқылы Холдинг акционері (қатысушысы) болып табылатын ұйымдардың ашықтығы мен есептілік деңгейін арттыруға жәрдемдеседі;
— Холдинг активтерін пайдаланудың тиімділігін бағалауды, оларды оңтайландыру және кірістілігін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеуді ұйымдастырады және өткізеді және т.б. шаралар қабылдайды.
Талаптар:
Экономика, менеджмент, маркетинг, есеп және аудит, қаржы, құқықтану, халықаралық құқық мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Магистр дәрежесінің немесе ғылыми дәреженің болуы құпталады.
Кемінде 5 жыл мамандығы бойынша, оның ішінде құқықтық қамтамасыз ету, заң қызметі саласында жұмыс өтілі болуы тиіс.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, қадағаланатын қызмет бағыттары бойынша;
Холдинг саласын, халықаралық экономикалық, салалық және іскерлік үрдістерді түсіну, ағымдағы жағдай мен нарықтардың даму перспективалық бағыттарын білу;
Стратегиялық басқару, активтерді басқару қағидаттарын, соның ішінде экономиканың әртүрлі салаларында бизнесті дамытуды білу.
Ақпаратты жедел өңдеу және талдау дағдылары; қаржылық талдау жүргізу, болжау және нақты іс-қимыл жоспарларын әзірлеу дағдылары; сондай-ақ электрондық құжат айналымы жүйелерін қолдану дағдылары.
Конкурсқа қатысу үшін 2025 жылғы 30 қазан сағат 18:30-ға дейін (қоса алғанда) HR@qbp-holding.kz электрондық мекенжайына төмендегі құжаттарды жолдау қажет:
1) нысан бойынша өтініш;
2) фотосуреті бар түйіндеме (телефондарды, оның ішінде байланыс телефондарын, білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.
Конкурсты өткізу мерзімі: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Конкурстың өтетін орны Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5.
Кадр қызметінің телефоны 70-75-51.