«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғам қызметкерінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар тарту департаментінің жетекші-менеджері (негізгі қызметкердің оқу демалысында болу кезеңіне) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

 

Міндеттері:

шетелдік инвестицияларды тарту стратегияларын/жоспарларын әзірлейді және іске асырады;

ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің жиынтық, перспективалық және жылдық жоспарлары бойынша ұсыныстарды, инвестициялық және халықаралық жобаларды басқару жөніндегі презентацияларды дайындайды;

халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жұмысын ұйымдастырады;

халықаралық ынтымақтастықты және халықаралық компаниялармен инвестиция тартуды дамытады;

халықаралық шарттар мен келісімдерді әзірлеуді, келісуді, қол қоюды, түгендеуді қамтамасыз етеді;

ғылыми-зерттеу жұмыстары мен мемлекеттік тапсырмаларды ұйымдастыру және жүргізу жұмысын атқарады;

халықаралық ұйымдар мен серіктестер миссияларының сапарларын қабылдау, шетелге сапарларды ұйымдастыру, визаларды ресімдеуге көмек көрсету (Холдинг басшылығы үшін) жөніндегі ұйымдастырушылық–хаттамалық іс-шаралар кешенін өткізеді;

халықаралық/ғылыми конференциялар, семинарлар мен симпозиумдарды ұйымдастырады, қатысады және өткізеді;

халықаралық іс-шаралар мен шетелдік іссапарларды перспективалық және ағымдағы қаржыландыру бойынша ұсыныстарды дайындайды;

келісімдерді есепке алуды және сақтауды, Холдинг қызметкерлерінің іссапарларының қорытынды есептерін қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі Елшіліктерімен, консулдықтарымен және өкілдіктерімен, сондай-ақ шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасындағы өкілдіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

инвестициялық жобаларды іздеуді және іріктеуді жүзеге асырады (фронт-офис функциялары);

инвестиция тарту үшін Холдингтің бастамаларын қалыптастырады;

еншілес ұйымдардың инвестициялық жобаларын құрылымдау, талдау және мониторинг жүргізу бойынша жұмысты үйлестіреді;

жаһандық инвестициялық үрдістерді талдайды және ұсынымдар дайындайды;

инвестициялардың сыртқы көздерін айқындайды және зерттейді;

іске асырылған инвестициялық жобалардың тиімділігін талдайды;

меморандумдар мен келісімдерді әзірлеу және жасасу бойынша құрылымдық бөлімшелермен және мемлекеттік органдармен жұмысты үйлестіреді және өзара іс-қимыл жасайды;

гранттар мен субсидияларды тарту үшін халықаралық қаржы институттарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

Холдингке сәйкес келетін халықаралық гранттар мен бағдарламалар туралы деректерді жинауды жүзеге асырады және өтінімдерді беруге жәрдемдеседі;

іс-шаралар шеңберінде Холдингтің жобаларын әлеуетті инвесторларға таныстыру үшін материалдарды әзірлеуге қатысады.

 

Талаптар:

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімнің келесі бағыттары бойынша: «Әлеуметтік ғылымдар» (халықаралық қатынастар, саясаттану, психология, аймақтану), «Журналистика және ақпарат» (халықаралық журналистика, қоғаммен байланыс), «Құқық» (халықаралық құқық), «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» (лингвистика, шығыстану, түркітану, аударма ісі, шетел филологиясы), «Педагогикалық ғылымдар» (шетел тілі), «Бизнес және басқару» (экономика, қаржы және несие, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, маркетинг, әлемдік экономика).

Халықаралық ынтымақтастық, мемлекеттік хаттама, аударма қызметі саласында мамандығы бойынша және (немесе) аталған қызмет бағыттарының бірі бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілі және (немесе) осы құрылымдық бөлімшенің төмен тұрған лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік хаттаманы бекіту туралы» Жарлығын, Салық кодексін, Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік, ұлттық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, ветеринария және экология саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын қоса алғанда, қызмет бағыты бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

Мемлекеттік және дипломатиялық хаттаманы білу.

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін жетік білу.

Хаттамалық-ұйымдастырушылық даярлық, шетелдік сапарларды ұйымдастыру және өткізу.

Биологиялық қауіпсіздік саласында халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Ақпаратпен жұмыс істеу дағдылары (талдау, шынайылығын тексеру, есептілікті дайындау).

Халықаралық шарттар мен келісімдерді әзірлеу, келісу, қол қою, түгендеу.

 

Конкурсқа қатысу үшін 2025 жылғы 8 қазанды қоса алғанда, сағат 18:00 дейін

HR@qbp-holding.kz электрондық мекенжайына төмендегі құжаттарды жолдау қажет:

1) нысан бойынша өтініш;

2) фотосуреті бар түйіндеме (телефондарды, оның ішінде байланыс телефондарын, білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);

3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.

Конкурсты өткізу мерзімі: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Конкурстың өтетін орны Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5.

Кадр қызметінің телефоны 70-75-51.

Өтінішті Жүктеу

Үміткерлерді іріктеу ережелерін жүктеү