«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы «М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС бас директоры луазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Негізгі қызмет түрлері:

— санитарлық-эпидемиологиялық ұйымдардың қызметі;

— инфекцияға қарсы препараттар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер;

— фармацевтикалық препараттар өндірісі;

— тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде фармацевтикалық және медициналық тауарларды көтерме саудада өткізу;

— медициналық техника мен ортопедиялық бұйымдарды сатудан басқа, фармацевтикалық тауарлардың көтерме саудасы;

— меншікті немесе жалға алынған тұрғын үйді жалдау (қосалқы жалдау) және басқару;

— астықтан, майлы дақылдар мен мұнайдан басқа, азық-түлікке жатпайтын тауарларды қоймалау және сақтау;

— журналдар мен мерзімді жарияланымдар шығару;

— жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы өзге де зерттеулер мен әзірлемелер;

— сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу.

Лауазымдық міндеттері:

Серiктестiктiң өндiрiстiк, қаржы-шаруашылық қызметiне басшылық жасайды, қабылданатын басқару шешiмдерi, ұйым мүлкiнiң сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуы, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi үшiн жауап бередi.

Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылын көрсетілетін қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды.

Ұйым қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамашылығын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасады, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

Мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен соттарда Серіктестіктің атынан өкілдік етеді. Ішкі еңбек тәртібі, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалану талаптарының орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздіктің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

Ұйымның уақтылы есептілігін және ҚР заңнамасымен, Жарғымен және Серіктестіктің ішкі актілерімен белгіленген басқа да міндеттерді қамтамасыз етеді.

Мыналарды білуі тиіс:

Қызмет бағыты бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Еңбек кодексі, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің, «Биологиялық қауіпсіздік туралы» ҚР Заңының, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңының, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының, Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы ҚР Заңының, «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының, «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңының, «Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» ҚР Заңының, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы, «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) білу;

қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;

жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;

ұйымның қызметін басқару мен талдаудың экономикалық әдістерін;

медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы;

адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелері;

халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;

төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.

Ағылшын тілін білу құпталады.

Біліктілік талаптар:

«Биологиялық және аралас ғылымдар» (Биология, Биотехнология, Генетика, Геоботаника), «Денсаулық сақтау» (Фармация, Жалпы медицина, Медицина, Биомедицина), «Эпидемиология» (Гигиена және эпидемиология, Санитария — эпидемиология), «Өндірістік және өңдеуші салалар» (Фармацевтикалық өндіріс технологиясы), Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, Ветеринария (Ветеринарлық медицина, Ветеринарлық санитария) даярлау бағыты бойынша жоғары білім.

Ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе философия докторы PhD немесе тиісті кәсіптік қызмет саласы бойынша доктор дәрежесінің болуы.

Кандидаттың Серіктестікте он және одан да көп жыл, оның ішінде серіктестік басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымдарда кемінде бір жыл үздіксіз жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, ғылыми дәрежесінің болуы міндетті емес.

— биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламаларынан өткені туралы сертификаттар;

— мамандығы бойынша кемінде 7 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде стратегиялық маңызы бар экономика салаларының стратегиялық немесе объектілеріне жатқызылған объектілерде ғылым саласындағы (вирусология, микробиология, биотехнология, биологиялық қауіпсіздік, генетика, фармация, ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыста, ғылыми-өндірістік қызметте, экология, денсаулық сақтау, медицина) қызмет бағыты бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл және/немесе Холдингтің еншілес ұйымында төмен тұрған лауазымда кемінде 5 жыл.

Мүмкіндігінше болуы қажет:

— ұйымның бейініне сәйкес патогенділіктің тиісті тобынан төмен емес патогенді биологиялық агенттермен 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі.

— нәтижелері ғылыми қоғамдастықта сыналған және тиісті ұлттық ғылыми кеңестің қорытындысын алған кемінде 3 (үш) ғылыми жобаға басшылық ету тәжірибесі;

— нәтижелері ғылыми қоғамдастықта сыналған және тиісті ұлттық ғылыми кеңестің қорытындысын алған кемінде 1 (бір) ғылыми-техникалық бағдарламаны (ҒТБ) басқару тәжірибесі (басымдық);

— өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге және пайдалы модельдерге кемінде 5 патент, оның ішінде кемінде 1 Еуразиялық / шетелдік;

— салалық мемлекеттік органдарда тіркелген ғылыми-техникалық құжаттамалардың (ҒТҚ) авторлығы.

Конкурсқа қатысу үшін:

— өтініш нысан бойынша;

— қоса берілген нысан бойынша 3*4 өлшемді түрлі-түсті фотосуреті бар кандидаттың қызметтік тізімі;

— білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелерін;

— еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері;

— денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

— Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

— психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

— наркологиялық ұйымнан анықтама;

— тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер;

— тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер;

— соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;

— азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтама, 2025 жылғы 2 шілдеге сағат 18-30 дейін (қоса алғанда) HR@qbp-holding.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет.

— ұйымның дамуы туралы көзқарас. Кандидаттар ұсынатын даму бағдарламасының мазмұны мыналарды қамтуы тиіс:

1) ұйымның 5 жылға дамуының негізгі бағыттары бойынша осы міндеттерге қол жеткізудің миссиясы, мақсаттары, міндеттері және ұсынылатын тәсілдері;

2) ұйым ұшырасатын және (немесе) ұшырасуы мүмкін негізгі сын-қатерлер және олар бойынша шешімдерді ұсыну (өткен кезеңде стратегияның іске асырылуын талдау, проблемалар, шешімдердің сабақтастығы);

3) конкурсқа қатысушы ұсынатын ұйымның даму бағдарламасын іске асырудан күтілетін нәтижелер мен жетістіктер.

Ұйымның даму бағдарламасы презентация түрінде жасалуы қажет, оның көлемі PowerPoint форматында 7 слайдтан аспайды.

Конкурсты өткізу мерзімі: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

Конкурстың өтетін орны Астана қ., Қорғалжын тас жолы 13/5.

Кадр қызметінің телефоны 70-75-51.

Өтінішті Жүктеу

Қызметтік Тізіміді Жүктеу

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымының басшысын тағайындау қағидалары