«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғам қызметкерінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар тарту департаментінің директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Міндеттері:

— халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар тарту саласындағы Холдинг қызметінің бағыттарының бірін басқаруды жүзеге асырады;

— перспективалық және ағымдағы бағдарламалар мен жоспарларды, жекелеген іс-шараларды және/немесе іс-шаралар кешенін, оларды ақпараттық сүйемелдеуді, материалдық-қаржылық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету схемасын әзірлейді;

— Холдингтің даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдеседі;

— шетелдік ұйымдармен қатынастардың кеңеюіне ықпал етеді;

— шетелдік ұйымдармен қатынастарды кеңейтуге ықпал етеді;

— Холдингтің шетелдік әріптестерімен халықаралық құқықтық және нормативтік актілердің, бұйрықтардың, шарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

— медиа ресурстармен жұмысты ұйымдастыру;

— әлеуетті әріптестермен, инвесторлармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау нысандары мен әдістерін таңдауды жүзеге асырады;

— инвесторлармен және әріптестермен екіжақты байланысты қамтамасыз етеді;

— инвестициялық және ақпараттық нарықтардың жай-күйін талдайды және өзгерістерін болжайды, ашықтық (транспаренттілік)саясатын түзету жөніндегі шараларды әзірлейді;

— бірлескен қызмет кезінде Холдингтің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және инвестициялар тартуға бағытталған іс-шараларды жоспарлауға қатысады;

— әлеуетті инвесторлардың қатысушыларын іздестіруді барлық қолжетімді тәсілдермен (көрмелерге, конференцияларға, тұсаукесерлерге қатысу, коммуникация, электрондық пошта арқылы ұсыныстар жіберу) жүзеге асыруды үйлестіреді;

— меморандумдар мен келісімдердің жобаларын келіседі және әлеуетті әріптестерге жібереді, ұзақ мерзімді және өзге де келісімдердің заңдық ресімделуін ұйымдастырады;

— халықаралық ынтымақтастық туралы жоспарлардың, бағдарламалар мен шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, халықаралық ынтымақтастық пен сыртқы байланыстардың нәтижелері мен тиімділігін қадағалайды;

— хаттамалық функцияларды жүзеге асырады: қолда бар ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес шетелдік компаниялардың өкілдері мен делегацияларын қабылдауды ұйымдастырады, шетелдік әлеуетті және жарамды серіктестермен хат алмасуды жүзеге асырады, хаттамаларға, шарттарға және т. б. қол қоюмен қамтамасыз етеді;

— консулдық-визалық функцияларды орындайды: шақыруларды ресімдейді және шарттар шеңберінде шетелдік өкілдер мен делегацияларды визалық қолдауды қамтамасыз етеді және т.б.;

— инвестицияларды тарту жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

— инвестициялық мүмкіндіктер мен тәуекелдерге талдау және мониторинг жүргізеді;

— инвестициялық бағдарламалар бойынша ұсынымдар әзірлейді, оларды іске асыруға қатысады;

— инвестициялар мен жобаларды тарту жоспарын орындау қорытындылары бойынша есептер дайындайды.

Талаптар:

«Әлеуметтік ғылымдар» (халықаралық қатынастар, саясаттану, психология, аймақтану), «Журналистика және ақпарат» (Халықаралық журналистика, қоғаммен байланыс), «Құқық» (халықаралық құқық), Өнер және гуманитарлық ғылымдар (лингвистика, шығыстану, түркітану, аударма дело, шетелдік филология), «Педагогикалық ғылымдар» (шет тілі), «Бизнес және басқару» (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, маркетинг, әлемдік экономика бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

Халықаралық ынтымақтастық, мемлекеттік протокол, аударма ісі, маркетинг, экономика, сыртқы экономика, қаржы, кәсіпкерлік, сапа менеджменті жүйесі, PR қызметі салаларындағы келесі бағыттардың біреуі бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, соның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе философия докторы не бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар адамдар және ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру халықаралық бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар басшы лауазымдардағы өтіліне талап қоймайды.

Қызмет бағыты бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде ҚР Конституциясын, ҚР Президентінің «Мемлекеттік хаттаманы бекіту туралы» Жарлығын, Салық кодексін, Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, ҚР биологиялық қауіпсіздік, ұлттық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, ветеринария, экология саласындағы заңнамасын білу.

Мемлекеттік және дипломатиялық хаттаманы білу.

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін жетік білу.

Конкурсқа қатысу үшін 2025 жылғы 22 сәуірге дейін (қоса алғанда)
HR@qbp-holding.kz электрондық мекенжайына төмендегі құжаттарды жолдау қажет:

1) нысан бойынша өтініш;

2) фотосуреті бар түйіндеме (толық Т.А.Ә., телефондары, оның ішінде байланыс телефондары, білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер көрсетілген);

3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.

Конкурсты өткізу мерзімі: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

Конкурстың өтетін орны Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 13/5.

Кадр қызметінің телефоны 70-75-51.

Өтінішті Жүктеу

Үміткерлерді іріктеу ережелерін жүктеу