«QazBioPharm» ұлттық холдингінің қызметкері іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесіне ие болды
QazBioPharm» Ұлттық холдингінің ұжымы әріптесіміз – Ахметова Камшат Мусахановнаны Almaty Management University жоғарғы оқу орнында «7М04103 – Іскерлік әкімшілік» білім беру бағдарламасы, «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандандыруы бойынша Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алуымен шын жүректен құттықтайды!
Аттестаттау комиссиясының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі (№1 хаттама) шешімімен Алматы қаласында Камшат Мусахановнаға аталған ғылыми дәреже берілді.
Ахметова Камшат Мусахановна – медицина және биологиялық қауіпсіздік саласында тәжірибелі маман, «Дәрігер-эпидемиолог» мамандығы бойынша PhD. Ол еңбек жолын 2010 жылы Қазақ тағамтану академиясында бастаған, кейін Ұлттық денсаулық сақтау орталығында, Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығында, сондай-ақ ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының Геронтология орталығында қызмет атқарған.
2023 жылдан бастап «QazBioPharm» ұлттық холдингінде еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда Холдингтің Биологиялық қауіпсіздік департаментінің директоры қызметін атқарады. Ол еліміздегі биологиялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастырып, ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосып келеді.
Камшат Мусахановна — 30-дан астам ғылыми жарияланымның, соның ішінде Scopus және Web of Science базаларындағы 9 мақаланың авторы. Сондай-ақ ол 2 пайдалы модельдің патентіне және 10-нан астам авторлық куәлікке ие, 7 әдістемелік ұсыным әзірлеген.
Кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Испания, Литва, АҚШ, Әзірбайжан, Ресей және Германия елдерінде білімін жетілдіріп, халықаралық ғылыми конференцияларға қатысқан.
Холдинг ұжымы Камшат Мусахановнаны осы маңызды жетістігімен құттықтай отырып, еңбек жолында жаңа табыстар мен биік белестерді тілейді! Жаңа жетістігіңіз құтты болсын!