«QazBioPharm» және «Caspian Eyes LLC» компаниялары ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады
48 көрініс
2025 жылғы 4 қараша күні «QazBioPharm» ұлттық холдингінде Әзірбайжанның «Caspian Eyes LLC» компаниясымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында биофармацевтика саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ отандық ветеринариялық препараттарды Әзірбайжанға экспорттау мүмкіндігі талқыланды.
Холдинг өкілдері ұйымның қызметі, ғылыми әзірлемелері және өндірістік бағыттары туралы ақпарат ұсынды. Әзірбайжан тарапы өнім түрлерімен және ықтимал ынтымақтастық форматтарымен танысуды жалғастыруға қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ақпарат алмасуды жалғастырып, болашақта нақты ынтымақтастық бағыттарын қарастыруға ниет білдірді.