Qazbiopharm және Boehringer Ingelheim Стамбұлда кезекті жұмыс кездесуін өткізді

78 көрініс
Qazbiopharm және Boehringer Ingelheim Стамбұлда кезекті жұмыс кездесуін өткізді

2025 жылғы 11–12 маусымда Стамбұл қаласында «Qazbiopharm» ұлттық холдингі мен Boehringer Ingelheim Animal Health France француз компаниясының өкілдері арасында кезекті жұмыс кездесуі өтті. Іс-шара 2024 жылғы 16 қаңтарда қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім аясында ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі тақырыбы – жануарлардың аусылына қарсы вакцина өндіру бойынша қазіргі және болашақтағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау. Тараптар жобаның жүзеге асу барысын, алдағы кезеңдердегі ықпалдастық мүмкіндіктерін және өзара іс-қимыл тетіктерін қарастырды.

Келіссөздер сындарлы диалог жағдайында өтті. Нәтижесінде тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға ниетті екендіктерін білдіріп, бірқатар алдын ала уағдаластықтарға қол жеткізді. Алдағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары – өндіріс, ғылыми зерттеулер және халықаралық стандарттарға сай кадр даярлау мәселелері болмақ.