«QazBioPharm» Ұлттық холдингінің еншілес ұйымдарының қызметкерлері марапатталды
Республика күні қарсаңында елордада Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің үздік өкілдерін марапаттау салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен республикалық медициналық және ғылыми орталықтардың басшылары, дәрігерлер, профессорлар, медициналық жоғары оқу орындарының кафедра және бөлім меңгерушілері, мейірбикелер мен жедел жәрдем жүргізушілері жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. 100-ден астам медицина қызметкері мемлекеттік, 1300-ге жуық адам ведомстволық наградаларға ие болды.
Марапатталғандардың қатарында – «Құрмет», «Парасат» ордендерінің, «Шапағат», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегерлері. Олардың арасында «QazBioPharm» Ұлттық холдингі еншілес ұйымдарының қызметкерлері де бар:
-
Керімбаев Аслан Амангелдіұлы, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директорының міндетін атқарушы;
-
Жүгінісов Қуандық Дәулетбайұлы, Республикалық микроорганизмдер коллекциясы зертханасының меңгерушісі;
- Текебаева Жанар Боранбайқызы, Республикалық микроорганизмдер коллекциясының аға ғылыми қызметкері;
-
Папенгейм Сергей Сергеевич, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас инженері.
«QazBioPharm» Ұлттық холдингі әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, ғылым жолындағы жаңа жетістіктер, сонымен бірге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт және еліміздің биологиялық әрі медициналық қауіпсіздігін нығайту ісіндегі табыстар тілейді.