7 мамыр — Отан қорғаушылар күні

Құрметті әріптестер!
Сіздерді «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының атынан 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Ел бірлігі мен мемлекеттіліктің мызғымас негізі – ішкі тұрақтылық пен қорғаныс қабілеті. Отанды қорғау – батыл жүрек пен берік ұстаным иелерінің ісі. Бұл – бүгінгі таңда бейбіт күннің тірегі болып, ел игілігі үшін аянбай тер төккен әрбір азаматтың мерекесі. Осы ретте қоғамның әр саласында еңбек етіп, тыныштығымыз бен бейбітшілігімізді нығайтып жүрген отандастарымыздың әрқайсысы құрметке лайық.
Сіздердің адал еңбектеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз Қазақстанның баянды болашағына берік негіз болуда. Әр істе сәттілік, әр таңда тыныштық тілейміз! Қай кезде де рухтарыңыз көтеріңкі, мәртебелеріңіз биік болғай!
