Қазақ ветеринария ғылымына 120 жыл: биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетістіктер мен жаңа міндеттер

Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының құрылғанына 120 жыл толуына орай 2025 жылдың 15 мамырында Алматы қаласында «Қазақ ветеринария ғылымына 120 жыл: биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетістіктер мен жаңа міндеттер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (бұдан әрі – Конференция) өтеді.
Қазақ ғылымының қарлығашы саналатын Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты 1905 жылы құрылған және еліміздегі ең көне ғылыми-зерттеу ұйымдарының бірі болып табылады. Аталған ұйым 2023 жылдан бастап «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының құрамында өз қызметін жалғастыруда.
Конференцияның мақсаты – биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инновациялық технологияларды интеграциялау үшін стратегиялық бағыттарды әзірлеу арқылы ветеринария саласындағы ғылым мен практиканың өзара іс-қимылын нығайту, халықаралық тәжірибе алмасу.
Конференцияға Президент Әкімшілігінің, мемлекеттік ұйымдардың, Алматы қаласы әкімдігінің, «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының өкілдері және Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ отандық және шет елдік (Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Еуропа, Беларусь, Грузия, Тәжікстан және т.б.) жетекші ғылыми ұйымдардың ғалымдары мен мамандарының қатысуы жоспарланып отыр.
Толығырақ: тіркелген құжатты қарау

Документы
Наименование | Тип и размер | |
---|---|---|
Пресс-релиз КазНИВИ 120 kz ru eng | ![]() |
Смотреть Скачать |