1 маусым – Балаларды қорғаудың халықаралық күні!

38 көрініс
1 маусым – Балаларды қорғаудың халықаралық күні!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы атынан Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бала – әр отбасының бақыты, ұлттың болашағы, мемлекеттің ең үлкен құндылығы. Олардың шат күлкісі мен шынайы сенімі – өмірге көрік беретін ең асыл сезімдердің бірі.
Балалардың арманына жол ашып, бойға біткен дарынын ұштап, үлкен өмірге сеніммен қадам басуына мүмкіндік беру – әрқайсымыздың ортақ борышымыз.

Осы жарқын күнде барша бүлдіршіндерге шаттыққа толы балалық шақ, болашақта арманын жүзеге асыратын баянды жол тілейміз!

1 маусым – Балаларды қорғаудың халықаралық күні!