1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні!

39 көрініс
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні!

Сіздерді «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы атынан Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – әртүрлі этнос өкілдерінің бір мақсат пен ортақ мүдде аясында ел тағдырына деген жауапкершілігін паш ететін ерекше күн. Тарихтың түрлі белестерінде сыналған ауызбіршілік пен өзара құрмет – мемлекетіміздің іргесін бекем ететін басты құндылықтарымыздың бірі.

Бүгінде Қазақстан – достық пен татулықтың символына айналған, бейбітшілік пен келісім салтанат құрған мемлекет. Осындай берекелі елде еңбек ету – әрқайсымыз үшін үлкен мәртебе.

Халқымыздың татулығы арта берсін, бірлігі бекем, болашағы жарқын болсын! Әр отбасыға амандық, құт-береке және татулық тілейміз!

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні!